$ 494.87  520.65  4.91

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі күйінде табылды

22 қыркүйекте 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін алып шықты.

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі күйінде табылды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Қыз 19 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында үйінен кетіп, қайтып оралмаған. Қыздың анасы полицияға шағымданып, қызының жоғалып кеткенін айтқан.

«Нұр-Сұлтан қаласы полиция бөлімінің жеке құрамы, қосымша күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер мен бір топ адам жоғалған адамды іздеді.

Қызды соңғы рет көпірдің Бараев көшесі жағынан көргендер бар. Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер тобын тартуға шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

22 қыркүйекте 11.20-да полиция қызметкерлері мен ТЖМ жедел құтқару жасағы Есіл өзенінен қыздың мәйітін алып шықты.

«Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп толықтырды полициядан.

Бұған дейін 21 жастағы әйелдің жартылай өртенген денесі орманнан табылғанын хабарлаған болатынбыз.

aikyn.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жоғалған қыз