Оралда 28 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін сатып жіберді деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растап отыр. Ведомство мәліметінше, жаңа босанған келіншек Бөрлі ауданында тұратын ерлі-зайыпты тұрғындармен келісіп, сәбиін беріп жіберген.
Тәртіп сақшыларының табанды жұмысының нәтижесінде келіншек қолға түсіп, қазіргі уақытты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігіне (кәмелетке толмағандарды сату) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Одан бөлек, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті 19-24 қыркүйек аралығында жүргізіліп жатқан "Стоп-трафик" жедел іздестіру іс-шаралары барысында өңірде 4 қылмыстық құқықбұзушылық ашылып, 10 адам әкімшілік жауапқа тартылғанын жеткізді.