$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз қаңғыбаспен бірге қашып кеткен

Қазіргі уақытта қыз ата-анасына тапсырылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысында баспанасыз адаммен қашып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Полиция департаментіне сілтеме беріп.

9-сынып оқушысын 20 қыркүйектен бері қарай іздеп келген. Ол күндіз үйінен шығып, жоғалып кеткен. 

Полиция К. есімді жоғалған қыз нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ (қаңғыбас) адам Мамедов Наурызбай Асылбекұлымен бірге болуы мүмкін екендігін анықтаған. 

"22 қыркүйек күні сағат 21:30-да жедел-іздестіру іс-шаралары барысында хабар-ошарсыз кеткен К.-ның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта қыз ата-анасына берілді. Жасөспірімге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалып-жасалмағанына қатысты тексеру жүргізілуде", – деп хабарлады ПД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары