$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстандықтарға жаңа тұрғын тіркелгені туралы SMS келеді

Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе,  тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама жіберіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Енді Қазақстанда азаматтарды тіркегеннен кейін үйдің иесіне өзі тіркелген адамның деректері жазылған SMS келеді. Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе,  тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама жіберіледі, - деп хабарлайды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы енгізді. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, SMS-хабарламалар бөтен адамдар азаматтардың өмір сүру кеңістігіне жасырын тіркелген кезде мәселені шешеді.

"Қазақстандықтардан біреулер бейтаныс адамдарды менің үйіме тіркеуге қойыпты деген сарындағы хаттарды жиі жазады. Жаңа сервис осы мәселені шешеді. Егер біреу сіздің рұқсатынсыз ХҚКО арқылы сіздің тұрғын үйіңізге адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарламаның арқасында бірден біле аласыз. Бұл қызмет ақша үшін тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі",-деді баспасөз қызметі Бағдат Мусинге сілтеме жасап.

2019 жылдан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы азаматтарды тіркеуді ресімдеуге мүмкіндік алды. Бұған дейін бұл қызметті ХҚКО-да орналасқан көші-қон қызметінің қызметкерлері көрсеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары