$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы бассейнде 11 бала уланып қалды

Олардың бәрі Жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді.

Алматы қаласындағы бассейндердің бірінде 12-14 жас аралығындағы 11 бала уланып, Жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайын айтты. 

«Бассейнде жаттығу кезінде 12-14 жастағы балалар хлор буынан уланып қалған. Бәрінің жағдайы тұрақты, ауруханада арнайы бөлімге жатқызылған», - деп хабарлады.

Басқармадағылардың хабарлауынша, бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бассейн