Жаңалықтар 23.09.2021 сағат 15:00

«Телефонын қуаттап, ұйықтап қалған»: Павлодар тұрғынын күйік шалды

ТЖМ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айында елімізде 7 мыңнан аса өрт оқиғасы тіркелген.
«Телефонын қуаттап, ұйықтап қалған»: Павлодар тұрғынын күйік шалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодар тұрғыны смартфонын қуаттаймын деп күйіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Ведомство мамандары өрт қауіпсіздігі бойынша өткен брифингте заманауи гаджеттер туралы айтты. Мамандар бүгінде әр қазақстандықта дерлік смартфонның барын алға тартып, оны қуаттау кезінде абай болуға шақырды. 

"Павлодар тұрғыны телефонын тоққа қосып, матрасқа қойып, ұйықтап қалған. Түнде ол тұйықталып, матрас жана бастаған. Ақырында азаматтың басы күйіп қалған. Мұндай жағдайды болдырмас үшін, өрт қауіпсіздігін сақтаған дұрыс. 

Үйден кетерде немесе ұйықтар алдында тоңазытқыштан басқа барлық электр құрылғыларын тоқтан ажырату керек", — деді ТЖМ өртке қарсы қызмет Комитеті басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев. 

ТЖМ мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айында елімізде 7 мыңнан аса өрт оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 251 адам қаза тауып, 217 жан жараланған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар