Алматы қаласындағы бассейндердің бірінде 12-14 жас аралығындағы 11 бала уланып, Жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайын айтты.
«Бассейнде жаттығу кезінде 12-14 жастағы балалар хлор буынан уланып қалған. Бәрінің жағдайы тұрақты, ауруханада арнайы бөлімге жатқызылған», - деп хабарлады.
Басқармадағылардың хабарлауынша, бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіледі.