$ 494.87  520.65  4.91

«Біртановтың ісі»: Сот экс-министрге қандай үкім шығарды?

Адвокаттар соттан үйқамақта ұстау мерзімін тағы екі айға ұзарту туралы 14 қыркүйекте шығарылған сот шешімін заңсыз деп тануды сұрады.

Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі соттың сот алқасында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы екі айға созу туралы сот шешіміне аппеляция қаралды.

Бұған дейін экс-министрдің үйқамақта болу мерзімі 2021 жылдың 14 қарашасына дейін ұзартылған болатын. Біртановтың адвокаттары қарсы шығып, соттан бұлтартпау шарасын жеңілірек жазаға – ешқайда кетпеу туралы қолхат немесе кепілге ауыстыруды сұрады.

"Тергеу тобы жетекшісінің өтінішімен іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін созу ісі қаралды. 14 қыркүйекте тергеу соты мерзімді 14 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұған адвокаттар Сағалиев, Куряченко, Бейсекеев жеке шағым түсірді. Біз қазір осыны қарастырып жатырмыз",- деді судья Мұрат Солтыбаев.
Прокурор Жараспаев соттан Елжан Біртановтың үйқамақта болу мерзімін ұзарту туралы сот қаулысын өзгеріссіз қалдыруды, ал адвокаттар бұл шешімнің күшін жоюды сұрады.

Адвокат Дмитрий Куряченко судья Ақшабаев үйқамақты негізсіз ұзартты деп санаса, қорғаушы Нұрлан Бейсекеев "іс белгілі бір дәрежеде тапсырыстық сипатқа ие" деп мәлімдеді.

Сотта бұрынғы министр сөз сөйлеген жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі соттың сот алқасы судьясы Мұрат Солтыбаев Біртанов қорғаушыларының дәлелдерімен келіспей, күдіктіні үйқамақта қалдырды.

"Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының күдікті Біртановты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта ұстау мерзімін екі айға ұзарту туралы 2021 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, адвокаттардың жеке шағымы қанағаттандырылмайды. Бұл соңғы шешім, кассациялық тәртіпте шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды", - деді судья Солтыбаев.

Біртановқа қандай айып тағылды

Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (бұл қызметті ол 2017 жылдан бері атқарды). Бұрынғы шенеуніктің ұсталғаны туралы қарашаның басында белгілі болды: сол айда Біртанов үй қамауына алынды, ол әлі күнге дейін қамауда отыр.Бастапқыда Біртановқа мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылды, алайда сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін бес күн бұрын бап "лауазымдық өкілетін теріс пайдалану" деп өзгертілді.

Қаржы мониторингі агенттігінің пікірінше, Біртанов пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық деректі біріктіруге тиіс болған жұмыс істемейтін ақпараттық платформаны қабылдап, пайдалануға берді. Қазір платформа жұмыс істемейді, ал орындалмаған жұмыстардың құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланады.

Бұдан басқа Біртановқа өкілетін асыра пайдаланды деген тағы бір айып тағылған. Ол 2020 жылдың маусымында Тараздан Нұр-Сұлтанға жету үшін санавиация ұшағын заңсыз пайдаланған деген күдіккен ілінді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары