$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте балалар алаңынан әйел адамның мәйіті табылды

Қазір ойын алаңында көз жұмған әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Шымкентте көпқабатты үйдің ауласынан 28 жастағы бойжеткеннің денесі табылғаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады. Сырғанаққа асылып тұрған мәйітті  көргендер дереу  полицияға  хабарлаған. Тәртіп сақшылары мұны растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, қайғылы жағдай 18 қыркүйекте болған. Қазір ойын алаңында көз жұмған әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр.

“Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігімен тіркелді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде”, – дейді Шымкент ПД өкілі Мөлдір Бекеева. 

Балалардың ойын алаңында болған бұл жайттан тұрғындар бейхабар көрінеді. Мұны әлеуметтік желіден көріп, өзіміз де жағамызды ұстап отырмыз дейді. Айтуларынша, көз жұмған әйел бұл жердің тұрғыны емес.

“Ондай болса естір едім. Айтатын еді ғой көршілер. Басқа жақтан келген қыз шығар бәлкім. Бұрын бұл жерде бір жағдай болған 5-6 жыл бұрын. Гараждың қасында бір қызды өлтіріп, өртеп кеткен. Одан кейін ондай болмаған. Қазір бұл жерде қылмыс деген көбейіп бара жатыр ғой. Жаман боп барады. Наркомандар көбейіп жатыр”,  – дейді Шымкент Тұрғыны Бақытжан Орманов. 

“Біздің ауламыз оқшауланған, көзден тасалау. Сол себепті ма екен көбіне бөтен адамдар көп жиналып алады”, – дейді тағы бір тұрғын Андрей Горляков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары