$ 448.56  478.03  4.79

«Біздегі «охотничий» қару ұстайтындардың бәрі басқа ұлттар»: Журналист өзге ұлт өкілдеріне қару бермеу керек дейді

Еске салсақ, осы аптада Алматыда атыс болып, Игорь Дужнов есімді тұрғын 5 адамды атып тастаған болатын.

Журналист Жолымбет Мәкіш өзге ұлт өкілдеріне қару бермеу керек деген ұсыныс айтты. Бұндай шара қауіпсіздік үшін қажет көрінеді.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қазақстанда жай адамдардың аң атуына тыйым салып, жаң-жануарлардың өсімін реттеп отыру үшін ара-арасында аңшыларға (егерь) ғана атып қойып отыруға рұқсат беру керек. Сонда, бір-бір мылтық алып алған әлгіндей «стрелоктардың» жолын кесіп, аз да болса қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін едік. Қару-жарақ ұстау мәселесіне ұлттық қауіпсіздік мәселесіне қарағандай аса сақтықпен қарап, ұлты, ниеті бөлектерге қару бермеген дұрыс. Өйткені, біздегі «охотничий» қару ұстайтындардың бәрі басқа ұлттар. Орекеңдер аң атқанды жақсы көреді. Осындай әпенділікке тыйым салып, аз уақыт аң атуға мораторий жарияласа. Аң атып қарық қылып жүрген қазақ жоқ, әйтпесе. Орыстарға еліктеп жүрген бірен-саран қазақ болмаса, қарудың дені қазір осылардың қолында жүр.

Бес адамды опат қылған кешегі қылмыскер Украинада болып қайтқан деп жатыр ғой. Сепаратистерді жақтап соғысып, қан көріп қайтқандар ғана осындай қаныпезерлікке бара алады. Ол да осындай гладкоствольный мылтық алып алған. Ол мылтық – тегіс ұңғылы қылып кішкене өзгерте салған кәдімгі Калашников автоматы. Бытырамен ататыны болмаса, ол да сол калаш, ол да кісі өлтіреді. Сол жақта болып қайтып, осында келгеннен кейін дәл сөйтіп қаруланып алып, уақытын күтіп жатқандар аз емес арамызда. Сосын, осындай «охотничий» қару алғандардың бәрінің аты-жөні базада тұр. Соларды тексеріп, қару-жарақтың кімдердің қолында жүргенін бір анықтап алған дұрыс. Хұқық қорғау органдары осыны ескерсе екен!",- деп жазды Жолымбет Мәкіш. 

Еске салсақ, осы аптада Алматыда атыс болып, Игорь Дужнов есімді тұрғын 5 адамды атып тастаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мылтық