25.09.2021, 09:35

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 54 адам қайтыс болды

Оған қоса 139 адам емделіп шықты.

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 54 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

23.09.2021ж. коронавируc белгілері бар пневмонияның 200 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 139 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 75086, 4784 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 61448 жетті.