$ 494.87  520.65  4.91

«Форекстен» табыс тауып, ГИВ ойнатуға болмайды»: ҚМДБ ғалымдарының кезекті пәтуасы шықты

Егер тіркелушілерден жарна алынбай, ұтыс демеушілер тарапынан қойылса қатысуға рұқсат.
Фото: HALYQLINE.KZ
Фото: HALYQLINE.KZ

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарысты ғұламалар кеңесі «Форекс»  нарығында сауда жасап, табыс табуға тыйым салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ғалымдар ұтыс ойындарында шариғат бекіткен шарттар толық орындалмайтындығын алға тартады. Сондықтан әлеуметтік желіде ұйымдастырылатын ГИВ  ойындарына қатысу ережесі бекітілді. 

Кезекті ХХХІ рет өткен ғұламалар кеңесінде ел ішіндегі ең өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар жаңа пәтуа қабылданды.

Ғалымдар  Шариғат негіздеріне сүйене отырып,  соңғы кездері қоғамды толғандырған өзекті мәселелерді талқылап, бірқатар жаңа пәтуа шығарды. Мысалы, көптеген жастарды «онлайн неке қию» мәселесі қызықтырған. Дін қызметкерлері күйеу жігіт пен қалыңдық және куәгерлер бір жерде отырмаса немесе сөйлеген сөздері естілмесе неке қиюға рұқсат жоқ деген шешім шығарды. Бірақ белгілі бір себептермен неке қиятын имам басқа жерде ал, қалғандары бір шаңырақ астында болса рұқсат.

Сонымен ұтыс ойындарын ойнатқанда парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса, не бір затты сатып алу шарты қойылса, конкурсқа қатысуға болмайды. Яғни, тыйым салынып отыр. Егер тіркелушілерден жарна алынбай, ұтыс демеушілер тарапынан қойылса қатысуға рұқсат.

Әлеуметтік желіде бірнеше рет ұтыс ойындарын ұйымдастырған Ақмарал Елшінбай көп жағдайда ойынға тігілген ұтыстар демеушілер жағынан болатындығын айтады. Яғни, көп жағдайда ғалымдар айтқан ереже де бұзылмайды екен.

— Қатысатын қарапайым халықтан ешқандай ақша алмаймыз. Олардан тек қана өзімізден және демеушілерден болатын қаражатқа сыйлығымызды аламыз да сол сыйлықты тегін таратып береміз, – дейді Ақмарал Елшін.

Кеңесте қаралған тағы бір мәселе тұрмыс құрған әйелдің тегін ауыстыруы. Ғалымдар талқылай келе «әркім өз әкесінің атымен аталуы керек, әкесінің атын өзгерту харам» деп үкім шығарыпты.

Тағы бір қызықты жайт: заман талабына сай ғылым мен технологияны пайдалана отырып жаңбыр жаудыру – шариғатқа қайшы емес деп танылған. Бастысы қоршаған ортаға зияны келмесе болғаны дейді кеңес мүшелері.

 Оның маңыздылығы  мен өзектілігін, оған қатысты біздің Ханафи мазхабында және де бұрынғы классикалық еңбектерде, кейінгі ғалымдардың оған қатысты тұжырымдары қандай соған тоқтала отырып, бүгінгі қоғамға, жастарға, халыққа ұғынықты, түсінікті тілде осылайша пәтуа шығарылады, – деді ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров.

Сондай-ақ, дін қызметкерлері жерленген мәйітті ешбір себепсіз қайта қазып алып, екінші бір жерге көшіріп жерлеуге шариғат тыйым салатыны да ескертті. Марқұмның зиратынан топырақ алып, басқа жерге апарып қабір жасау дұрыс да емес. Себебі ол қабір болып саналмайды, қабір тек мәйіт жатқан жер болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Халал #ҚМДБ