Жаңалықтар 27.09.2021 сағат 21:04

Aстана LRT ісімен сотталғандар аштық жариялады

Аштық жариялағандардың барлығы да елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отыр.
Aстана LRT ісімен сотталғандар аштық жариялады
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Aстана LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

Аштық жариялағандардың барлығы да елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отыр. Ал аштықты 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлықбек Ачилов жексенбі күні бастап кеткен. 

Ачилов колония басшысы мен Бас прокуратураға және сотқа жолдаған хабарламасында апелляция шағымын қарау барысын онлайн-трансляция арқылы көрсетуді талап еткен. Сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұрапты. Ұлықбек Ачилов кезінде Astana LRT-ның қосалқы мердігері "НурТрейд" серіктестігінің директоры болған. Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, жеті жылға түрмеге тоғытылған Astana Инновейшенстің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім де аштық жариялап жатыр.

Ал экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, сегіз жылға сотталған Жанат Нұрпейісов аштықтан денсаулығына байланысты бас тартыпты. 

Бұған дейін апелляциялық шағымды қарау кезінде Талғат Әшімнің адвокаты клиентінің жүрек талмасы ұстағанын хабарлаған. Аштық жариялағандардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

"Мекеме әкімшілігіне, оның ішінде іс материалдарымен танысуға қатысты еш наразылық жоқ. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" ҚР Заңының 41-бабының талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы себебін анықтау, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізіп жатқан органды, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасын хабардар ету жөніндегі шараларды қабылдады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметімен байланыс жөніндегі маманы Ақтоты Бекенова.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар