$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда ішіндегі тұрғындармен бірге құлап кеткен лифт: Оған шамадан артық адам мінген

Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінде құлап кеткен лифтіге байланысты оқиғаға мердігер түсінік берді, оның айтуынша, лифт шамадан тыс толып кеткен және үй пайдалануға берілмегендіктен әлі сынақтан өтіп үлгермеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау Плаза" тұрғын үй кешенін салушы мен "Ақтау қалалық лифтілері" ЖШС құрылтайшысы Ақтауда тұрғындармен бірге шахтаға құлап кеткен лифтінің сынақтан өтпегенін және шамадан тыс жүктелгенін айтты. Оның айтуынша, үй әлі пайдалануға берілмеген.

Құрылыс компаниясының құрылтайшысы Айдын Наубетов лифтінің тұрғындардың өтініші бойынша іске қосылғанын, олар пәтерлеріне құрылыс материалдарын көтеруге көмек сұрағанын, алайда оларға құрылысы бітпеген үйде тұру қауіпті екені ескертілгенін мәлімдеді.

"Тұрғындар бізге үнемі лифтіні қосып беруді сұрады. Әрине, егер үйдің пайдалануға берілмегенін ескерсек, бұлай жасауға болмайды. Бірақ көпшілікке қалай қарсы келесің? Қазір бізді лифтпен қамтамасыз еткен компанияға шағым жібердік, олар бізге жағдайды түсіндіріп беруі қажет, себебі егер лифт шамадан тыс толып кетсе ол мүлдем жүрмеуі қажет. Ал бұл лифт керісінше қайта іске қосылу үшін, төменге құлдилаған. Шамадан тыс жүктеме болғандығын компьютер көрсетіп берді", – деп келтіреді Lada.kz Айдын Наубетовтың сөзін.

Сонымен қатар шахтаға құлаған лифтінің ішінде 10 адам болған, ал бұл екі адамға аз болуы керек еді.

"Лифт кішкентай, ол ең көбі 400-500 келіні ғана көтереді, бірақ оған 10 адам мініп алған. Құрылғыны қойған адамдар бізге түсіндіргендей, оған артық адам мінген кезде ол төмен түсіп қайта жүктеледі де жоғарыға көтеріледі. Осылайша ол төмен түскен сәтте тұрғындар үрейге бой алдырған. Иә, мүмкін ол кезде кішігірім сілкініс болған шығар, бірақ ол тұрғындар айтқандай лифт сынып, тросс үзілетіндей күш емес. Ал олар абыр-сабырда не болып жатқанын түсінбей, есікті бұзып шыққан", – деді ол.

"Ақтау қалалық лифтілері" ЖШС тұрғын үй кешенінің құрылысшысымен бірге болған оқиғаға жауапкершілікті алуға дайын екенін жеткізді.

"Біз 2019 жылы түріктің "A3 Group" компаниясының лифтін жеткізуге және орнатуға келісімшартқа отырып қойғанбыз. Ал 2020 жылы біз құрылғыны орнатуды аяқтап, лифтті пайдалануға қабылдау үшін барлық құжаттарды тапсырдық. Бірақ үй әлі салынып бітпегендіктен бұл құжаттар мердігерлерде болды. Бірақ мұнда тұрғындарды жайғастырып, олар бізден "6 қабатта қарт кісілер тұрады, олар жоғары түсіп, көтеріле алмайды" деген өтінішпен лифтіні қосып беруді сұрады. Ал біз заңға қайшы келіп, қосып бердік. Сондықтан біз барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз", – деп атап өтті "Ақтау қалалық лифтілері" ЖШС-нің басшысы Көпберген Жайлиев.

"Кабинаны тұрғындар да, құрылысшылар да қосуға және басқаруға тиіс емес еді", – деді Жайлиев. Ол қазір лифті рұқсатсыз пайдаланылуда деп қосып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қыркүйек күні "Aktau Plaza" тұрғын үй кешенінде ішінде адамдары бар лифті шахтаға құлап кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындар бір-біріне көмектесіп, шахтадан шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары