$ 494.87  520.65  4.91

Елден қашқан ауғандықтардың үйлері жалға берілетін болды

Билік өкілдері пәтерлер жеңілдікті шарттармен берілетінін айтады.

Кабул билігі елден қашқан Ауған астанасы тұрғындарының үйлерін жалға беретіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жергілікті билік таратқан мәлімдемеге сәйкес, Кабул басшылығы аудан басшылары мен заңгерлерге мемлекеттік төңкеріс кезінде Ауғанстаннан кеткен азаматтардан қалып қалған пәтер тізімін құруды тапсырды. Бұл тізім аудандық департаменттерге жіберілетін болады.

Тізімге пәтер иелері құлыптап кеткен баспаналар, мүлік, сондай-ақ Талибан (Қазақстанда "Талибан" Террористік қозғалысына тыйым салынады) басып алған пәтерлер кіреді.

Билік өкілдері пәтерлер жеңілдікті шарттармен берілетінін айтады.

Бұған дейін Ауғанстандағы Талибан үкіметі авиакомпаниялармен толық ынтымақтастық орнатуға уәде беріп, Кабул әуежайындағы проблемалар шешілгенін, халықаралық рейстерді қайта бастайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары