$ 439.43  473.31  4.82

Вакциналау паспортын киіміне жабыстырып алған Шымкент тұрғыны сынға қалды

Вакциналау паспортының мұндай түрін байқамау мүмкін емес. Жаңа тренд танымал бола бастады, дейді ол.

 Шымкенттік блогер Диана Ыдырыс вакциналау паспортын киіміне жабыстырып алды. Ол қоғамға вакциналаудың маңызын осылайша жеткізгісі келген.

Оtyrar.kz хабарлауынша, Диана вакцина алу қажеттілік қана емес, өзіңді және жақындарыңды қауіпті індеттен сақтаудың мүмкіндігі деп есептейді.

Осыны айналасындағылар да түсінсе екен дейді.

"Вакциналау паспортының мұндай түрін байқамау мүмкін емес. Жаңа тренд танымал бола бастады", - дейді ол.
Вакциналау туралы ақпаратты бұлайша насихаттауды тұрғындардың біразы сынға алды.

Нысандарға кіру үшін Диана да өзгелер сияқты QR-кодты сканерлейді. Өйткені киіміндегі вакцина паспортына күзетшілер күмәнмен қарайды.

Диананың айтуынша, ол коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды. Киіміне басылған вакцина паспорты да өзінікі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары