$ 444.32  473.33  4.76

Өрт сөндіру-құтқару спорты: кәсіптің қыры мен сыры

Қазақстандағы өрт сөндіру-құтқару спортына биыл 66 жыл.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Жылдам, жүйрік, епті. Кез келген төтенше жағдайға сақадай-сай дайын болу қажет. Бұл – өрт сөндірушілерге қойылатын басты талап. Күн сайын мамандардың дайындықтары сыналады. Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нағыз оқыс оқиғаның ортасында. Олар қызыл жалынмен күреседі, адамдардың өмірін құтқарады. Skifnews.kz порталынан өрт сөндіру қызметі саласында жүрген кезекті нәзікжанды құтқарушы жайлы оқыңыз.

Қазақстандағы өрт сөндіру-құтқару спортына биыл 66 жыл. Ал, әйелдер ұлттық құрамасы 2014 жылы ғана пайда болды, сол жылы алғашқы ел чемпионаты өтті. Түрлі кедергілерді жеңіп, биіктен көрінген ізашарлар арасында Елена Гептина. Қызды бірден байқап, ұлттық құрамаға шақырды, көп ұзамай Елена нағыз құтқарушылар қатарында болды. 

«Қазақстанның алғашқы чемпионаты Талдықорған қаласында өткен кезде біз командамен бірге өнер көрсеттік, 100 метр қашықтықта мен жеңімпаз атандым. Әйелдер ұлттық құрамасының бапкері бірден маған келіп, әлем чемпионатына қатысуға шақырды. Ол кезде біз үшінші орынға ие болдық. Нұр-Сұлтанға оралғаннан кейін мен ТЖ-да №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілерді кәсіби даярлау бөлімшесінде аға нұсқаушы болып жұмысқа тұрдым», - деп еске алады Елена. 

Алты жыл ішінде ол азаматтық қорғаныс капитанына дейін көтерілген. Өзінің сүйікті спортымен айналысқанына аса қуанышты, бұл спортпен танысу күтпеген жерден болды дейді.

«Мен стадионда жұмыс істеп жүрдім, біз сынақ қабылдап жаттық. Президенттік көпсайыс болды, онда өрт сөндірушілер жүгірді, бірақ ол кезде мен бұл жайында білмедім. Мені стадионда жүгіріп жүрген спортшылар қызықтырды, бір қарағанда, жеңіл атлеттер емес, бірақ қимыл-қозғалысы мығым әрі жылдам. Маған бұл өрт сөндірушілер екенін айтты. Қызығушылығым одан сайын артып, өзімнің де қатысып көргім келді. Бірақ мен жаттығуға келгенде, қоршаулар мен мұнараларды көремін деп күтпеген едім. Бұған дейін тігінен жүгіруге болатынын да ойламаған едім, өйткені өзім 2006 жылдан бастап жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналыстым», – дейді Елена Гептина.

Қазір құтқару спорты ұлдар мен қыздар арасында танымал. Ол өзінің ойын-сауығымен және эмоционалдылығымен тартады, дейді Елена. Мұнда сіз тез әрекет етіп, шешім қабылдауыңыз керек, ең бастысы – бір-біріңізді сезіну.

«Себебі бұл командалық спорт. Старт бір уақытта жеті спортшыға беріледі, және олар снарядтарға, жеңдерге жүгіріп жеткенде, олар резервуардан суды  бір-біріне хабарлай отырып, нысанаға таратуы керек», – дейді ол.

Кез келген тәртіп сияқты, өрт сөндіру-құтқару спорты да ерік-жігерді тәрбиелейді, рухты нығайтады. Өйткені, өмір кедергілер мен сынақтардан тұрады, ал спорт оларды жеңуге көмектеседі.

«Салмағы бес килограмм болатын жеңдермен 100 метр жүгіргенде немесе баспалдақпен екінші қабатқа көтерілгенде, сіз өмірлік сынақтарға дайын болатындай қиындықтардан өтесіз», – дейді спортшы.

Құтқарушылар өздерінің нәзікжанды әріптестерін аса бағалайды және оларға қауіпті операцияларға қатысуға рұқсат бермейді, сондықтан қыздар жаттығулардағы өртті сөндіреді және басқаларды, тіпті өрт сөндіру-құтқару  спортынан алыс адамдарды да шыдамдылыққа үйретеді. 

«Біз барлық тілек білдірушілерді тек балаларды ғана емес, сондай-ақ егде жастағы адамдарды да қашанда формада болуға, денсаулығын қадағалауға шақырамыз. Өрт сөндіру-құтқару спортына адамдар қаншалықты көп қатысса, жазатайым оқиғалар да соншалықты аз болады. Бұл дағдылар күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін, сондықтан сіз тез әрекет етуіңіз керек, үрейленбеңіз және біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесіңіз»,-дейді Елена.

Бойжеткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтуде алты дүркін ҚР чемпионы, жауынгерлік қанат жаюда күміс жүлдегері және Әлем чемпионатының жалпы командалық есебінде өрт эстафетасында қола жүлдегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары