$ 494.87  520.65  4.91

Неліктен қыздар өрт сөндіру-құтқару спортын таңдайды?

Өрт сөндіру-құтқару спорты - жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі. Ал бұл салаға неге қыз балалардың қызығушылығы басым? Skifnews.kz порталынан оқыңыз.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Өрт сөндіру-құтқару спорты - жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі. Ал бұл салаға неге қыз балалардың қызығушылығы басым? Skifnews.kz порталынан оқыңыз. 

Айрина 15 жасынан бастап өрт сөндіру-құтқару спортында жүр. Қазір ол үшінші курста оқиды және болашақта төтенше жағдайлар саласына  радиобайланысшы болып орналасуды жоспарлап отыр.

Бойжеткен өрт сөндіру-құтқару спортына деген сүйіспеншілік болашақ мамандығын таңдауына септігін тигізгенін жасырмайды.  Айрина-Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасының мүшесі, төрт жыл ішінде көптеген марапаттар мен медальдардың иегері және ондаған чемпионаттардың жүлдегері атанып үлгерген.

«Бірде досым мені жаттығуға шақырды, сол жерде мен бұл спортпен өмір бойы айналысқым келетінін түсіндім. Содан кейін өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасу үшін байланысшы бағытында оқуға түстім. Қазақстанда әйелдер құтқару операцияларына қатыса алмайды, сондықтан мен байланысшы болып жұмыс істеймін, мұнда жылдамдық пен жылдам реакция аса маңызды», – деді Айрина.

Өрт сөндіру-құтқару спорты командада әрекет етуге және жалпы нәтижеге жауапты болуға үйретеді. Айринаның айтуынша, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әйелдер құрамалары көбейіп келеді. Егер екі жыл бұрын қарсыластар санаулы ғана болса, бүгінде олардың саны тұрақты өсуде. Олардың кейбірі құтқарушылар қатарына орналасады, ал кейбірі спортта жаттықтырушы ретінде қалады.

«Бұл өте қызықты сала, басқа спорт түрлерінен айырмашылығы, мұнда болжау мүмкін емес. Сіз қашықтықты жүгіріп өтпейінше, алда не болуы мүмкін екенін болжай алмайсыз. Себебі нәтиже тек жаттығуларға ғана емес, сонымен қатар сіздің мінезіңізге де байланысты, сіз төтенше жағдайларда тапсырманы жеңе аласыз ба, осыған да тікелей байланысты. Мысалы, серіктес жеңдерді дұрыс қоспады делік, сіз осы сәтте не істейсіз? Сіз өте тез әрекет етуіңіз керек, команда бірінші орынға шығуы үшін мүмкіндігінше тез басқаруға тырысу қажет болады. Мұнда ұйымшыл болу маңызды, әркім бөлек жүгірсе де, команданың атынан шығады», – дейді бойжеткен.

Құтқарушы – абыройлы саналатын мамандықтардың бірі, дейді Айлина. Өрт сөндірушілер қатарында кездейсоқ адамдар жоқ, олардың барлығы жүрек қалауымен келгендер.

«Бұл адамдар өз кәсібін тапты, олар ТЖ режимінде жұмыс істеуге, өзгенің өмірін құтқару үшін тәуекелге баруға дайын. Бұл қасиеттер спортшыларды қорықпауға, шет қалмауға және әрекет етуге үйретеді. Батырлық әрекеттердің мысалы басқаларды жанашыр болуға шабыттандырады. Құтқарушылардың күнделікті ерлігі – өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі, нағыз адамның жоғары моральдық қасиеттерінің көрінісі», - дейді Айрина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары