Қазгидромет синоптиктері 30 қыркүйек, 1, 2 қазан күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кезең басында Қазақстан аумағының көптеген бөлігі циклон ықпалында болады. Республиканың батыс аумағы Мәскеу аудандарынан жылжыған Солтүстік-батыс антициклонының ықпалында тұр. Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталығында және оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр және қар жауады, одан кейін көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының батыстан шығысқа ығысуына қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы одан әрі төмендейді: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы.
Республиканың солтүстік-батысында түнде сынап бағанасы 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус жылы болады.
Ал оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градус жылы.
Тек елдің батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 10-15 градустан 13-18 градусқа дейін жылы.