Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали Pfizer вакцинасының келу уақытымен туралы айтып берді.
Осы препаратпен вакцинациялауға ниет білдірушілер жиналуда.
– Ауызша келіскенімен, бүгін біз Pfizer-дің қазан айының соңында келуін күтеміз. Денсаулық сақтау министрлігі бізге жеткізу кестесін берген жоқ. Қазір емханалармен Pfizer вакцинациясына ниет білдірушілерді жинау мәселесін қарастырып жатырмыз, – деді Лаура Мырзағали.
Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және СОО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. Екінші компонентпен халықтың ресми санының 43% + жыл басынан ауырып жазылған адамдардың 7% егілді.