Қазгидромет синоптиктері бейсенбі, 30 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының шығысында және таулы аймақтарында жел соғады, екпіні секундына – 15-20 метр.
Павлодар облысының орталығында тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша астанада 30 қыркүйекте тұман және көктайғақ болатынын мәлімдеді.
aikyn.kz