$ 449.58  486.94  4.86

«Мыжылып қалды». Елордада сұмдық жол апаты болды

Авторының мәліметінше, апат Сарайшық көпірінде болған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанда жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам қаза тапқан, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Оқиғаның фотолары Instagram nur_sultan_sergek парақшасында жарияланды. Авторының мәліметінше, апат Сарайшық көпірінде болған. Фотодан быт-шыты шығып, шашылып қалған көлікті көруге болады.

Елордадағы Сарайшық көпіріндегі жантүршігерлік жол апаты. Көпір жартылай қоршалған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам қайтыс болған. Әзірге ресми ақпарат жоқ, - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

Пресстің астына түскендей мыжылып қалыпты, - дейді пікір қалдырушылардың бірі.

30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, жылдамдық режимін сақтамай, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан, - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті.​ Оқиға орнында екі жүргізуші де, үш жолаушы да көз жұмған. Toyota Camry-дің бір жолаушысы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды.

 Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ​

​Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауды және жолда абай болуды ескертеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары