$ 445.66  474.58  4.78

«Бәрін жалғыз жасаған»: Аяжан Еділованы қатігездікпен өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады.

Аяжан Еділованы зорлау және қатігездікпен өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды. Қазір іс материалдарымен танысу жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, іс қазан айында сотқа түседі. 
Күдіктіге қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау ісі" және 99-бабы "басқа қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру” бойынша айып тағылды. Тергеуді Алматы қаласының мамандандырылған прокуратурасы жүргізді. 
Еске салсақ, Аяжан Еділова 19 наурызда үйіне қайтып оралмаған. Екі күннен кейін оның бөлшектенген денесі Алматыдағы көп қабатты пәтерлердің бірінен табылды. Полиция мәліметінше Аяжан Еділова 19 наурызда түнгі сағат 11-де қаза тапты. Еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 21 наурызда қызды Нұркент ықшам ауданына алып барған такси жүргізушісін анықтаған.

Еріктілерден түскен ақпарат бойынша полицейлер қылмыс орнына барған. Кейінірек қыздың денесінің бөліктері мегаполистің әртүрлі аймақтарынан табылыпты. Оның туыстары кісі өлтірушінің қатыгездігі туралы айтуда. Күдікті марқұмның басын қайнатып, тырнағы мен тістерін жұлып алған.

Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. 
Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.

Аяжан Еділованың өліміне күдікті Рахманберді Төребеков Түркістан облысының Жаушықұм ауылында тұрған. Оның туыстары сұхбаттан бас тартты. Мектеп мұғалімдері үздік түлектің осындай қатыгез кісі өлтіргеніне сенбейді. Күдікті 2010 жылы медициналық академияға түскені белгілі. Бір жылдан кейін нашар үлгерімі үшін оқудан шығарылды. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының медакадемиясына грантқа түскен. Бірақ екінші курстан кейін сол жерден де шығарылды.
Аса ауыр қылмыстық істер бойынша адвокат болып жұмыс істейтін тәжірибелі заңгер Қадыржан Ғалымжанұлы күдіктінің қылмысты жалғыз жасағанына күмән келтірмейді. Десек те қолда бар дәлелдерді тергеу тобы мұқият тексеруі керек.

"Медицина университетінің студенттері оқу кезінде мамандық бойынша мәйітханаға барады. Бұл міндетті. Сондықтан ол бәрін жалғыз жасай алады. Бұл бірінші рет жасалған қылмыс болмауы мүмкін. Ол еш саспаған, абыржымаған", - дейді заңгер Қадыржан Ғалымжанұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары