Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 2 096 жаңа жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 284,
Алматы қаласында - 498,
Шымкент қаласында – 79,
Ақмола облысында – 50,
Ақтөбе облысында - 97,
Алматы облысында - 233,
Атырау облысында - 68,
Шығыс Қазақстан облысында - 124,
Жамбыл облысында - 53,
Батыс Қазақстан облысында -57,
Қарағанды облысында - 120,
Қостанай облысында - 108,
Қызылорда облысында - 56,
Маңғыстау облысында - 19,
Павлодар облысында - 130,
Солтүстік Қазақстан облысында - 70,
Түркістан облысында - 50.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 886 982-ге жетті.
Қазақстанда 2 661 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Елімізде барлығы 823 453 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 654 566 адам, 2-компонентін 6 593 598 адам салдырған.