$ 443.85  474.3  4.8

Ресейлік депутат Қазақстанда аңшылықта жүр

Депутат клуб сайтында Жоңғар Алатауына барып, аңшылықтың екінші күнінде 7-8 жастағы екі таутеке атып алғанымен бөлісті.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ресейдің тау аңшылары клубының ресми сайтында РФ мемлекеттік думасының депутаты Владислав Резниктің Алматы облысында аңшылық кезінде атып алған жануармен бірге түскен суреті жарияланған. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Депутат клуб сайтында Жоңғар Алатауына барып, аңшылықтың екінші күнінде 7-8 жастағы екі таутеке атып алғанымен бөлісті. Сондай-ақ осы аңшылықты ұйымдастырған Asien Tour, Сталкер Групп сияқты компаниялар мен Евгений Харитонов есімді азаматқа алғыс білдірді.

Журналистер ресейлік депутат атып алған аңның Қазақстанның Қызыл кітабына енген-енбегенін білу мақсатында Алматы облысы бойынша аумақтық инспекция басшысы Нұрқуат Қонысбаевқа хабарласты.

Azattyq Rýhy хабары бойынша, Ресей депутаты Владислав Резниктің Алматы облысы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде атып алған таутекесі атуға болатын аңдар қатарында екен.

– Суретке мән беріп қарасақ, жұрт ойлағандай арқар емес, таутеке атып алған. Ал таутеке Қызыл кітапқа енбеген. Оны аңшылық мақсатта аулауға болады. Бұл Жоңғар Алатауының өзінде емес, одан үш шақырым жерде Үшқарағай деген аңшылық шаруашылығында болған. Оған арнайы ақысын төлеп кірген. Сол үшін аң атуға рұқсат етіледі. Осы арқылы бюджетке табыс түседі, – дейді Нұрқуат Қонысбаев.

Сөз соңында ол шетелдік азаматтар үшін аңшылық шаруашылығына кіру ақысы әдеттегіден қымбат болатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары