$ 494.87  520.65  4.91

Тараздық шенеуніктер 10 батарейканы 9 миллион теңгеге сатып алмақ болған

Мұндай баға облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Тараздық шенеуніктер 10 батарейканы 9 миллион теңгеге сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Мұндай баға облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілген. Егер жоспар жүзеге асқанда ең арзаны 70 теңге тұратын батарейканың әрбір данасына қазынадан 901 мың 700 теңге жұмсалар еді.

Алайда шенеуніктердің әрекетіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері тосқауыл қойған. Олар ұсыныс хат жазып, тауар құнын 299 теңгеге дейін төмендеткен. Нәтижесінде 9 миллион теңге үнемделді. Сала мамандарының сөзінше, бұл оқиға тапсырыс беру кезіндегі қателіктен болған. Дегенмен, тауар құнын нарықтағыдан шарықтатып көрсету өзге салаларда да байқалған.

"Сол сияқты жағдай Тараз қаласы білім бөліміне қатысты мәселе болған. Ол жерде компьютерлерді 380 мыңға аламыз деп жоспарланған болса оның нарықтағы бағасы 280-300 мың теңге тұратыны белгілі болды. Соған да байланысты ұсыныс хат жолдаған болатынбыз. Соның нәтижесінде 16 миллионға жуық үнемдеу жағдайлары болып жатыр", - дейді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Дәурен Омаров. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары