$ 443.85  474.3  4.8

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы - франциялық боксшы Хассан Ндам Нджикам.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды деп хабарлайды Sports.kz. 

Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы - франциялық боксшы Хассан Ндам Нджикам (38-5, 21 КО). Кездесу 5 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Айта кетсек, Хассан Ндам Нджикам WBA және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Франциялық спортшы соңғы жекпе-жегін шілде айында венгриялық боксшы Габор Горбичке (26-21-2, 16 КО) қарсы өткізген. Нджикам қарсыласын ұпай саны бойынша жеңген. Ал Жәнібек Әлімханұлы маусым айында шаршы алаңға шығып, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) сегізінші раунда жеңген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары