$ 494.87  520.65  4.91

Астанада Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап жүрген 8 адам ұсталды

Ұсталғандар арасында аяғы ауырып жүре алмай, арбамен қозғалып жүрген 65 жастағы зейнеткер Халида Ақытхан да бар.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бүгін,  1 қазанда астана полициясы Шыңжаңда қамалған туыстарына араша сұрап жүрген 8 адамды уақытша қонып жүрген үйлерінің алдынан ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.  

Басылым мәліметінше, полиция оларды Байқоңыр ауданындағы Момышұлы көшесінен күшпен сүйреп әкеткен. Азаттықтың жазуына қарағанда, ұсталғандар арасында аяғы ауырып жүре алмай, арбамен қозғалып жүрген 65 жастағы зейнеткер Халида Ақытхан да бар. Арнайы жасақ оны да сүйреп апарып, газельге отырғызған.

Белсенді Байболат Күнболатұлының Азатттыққа айтуынша, жұма таңертеңнен бастап Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап жүргендерді полиция көліктері аңдыған. Ол өзі және наразылардың тағы бір Гаухар Құрманғалиева екеуі үйден шығып үлгермеген.

Полиция оларды ұстамаған. Шыңжаңдағы туыстарына арашап сұрап жүргендер астанаға барғанына 10 күннен астты. Олар оған дейін Алматыдағы Қытай консулдығы алдында 234 күн наразылық акциясын өткізген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары