Саясат 30.09.2021 сағат 16:20

Қытай елшілгі алдында түнеп жүрген аналар Тоқаевтан көмек сұрады

Олар 234 күннен бері үздіксіз Қытай консулдығының, Қытай елшілігінің алдына барып, елшінің шығуын талап етіп жүр. Осы әрекеті үшін бірнеше рет жауапқа тартылды.
Қытай елшілгі алдында түнеп жүрген аналар Тоқаевтан көмек сұрады
Фото: qazaqtimes.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап жүргендер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазып, Қытайдағы туыстарын Қазақстанға әкелуге ықпал етуді және өзімен кездесуге мүмкіндік беруді сұрады, деп жазады Азаттық. 

Наразы топ өкілі Байболат Күнболатұлының айтуынша, 29 қыркүйекте хатты президент әкімшілігінің қызметкерлері қабылдап алған.

- [Президент] мүмкіндік болса бізбен кездессе екен. Хатты Алматыдан келген он адам түгел барып тапсырдық. Осыған дейін БҰҰ Қазақстандағы өкілдігіне, Сыртқы істер министрлігіне хат тапсырғанбыз. СІМ біздің шағым бойынша "Қытай тарапына нота жолдады"» дейді. Бірақ нәтиже болмағанына қарнымыз ашады, – дейді белсенді.

Бұл топтың наразылығы - Қазақстандағы ең ұзақ акциялардың бірі. Олар 234 күннен бері үздіксіз Қытай консулдығының, Қытай елшілігінің алдына барып, елшінің шығуын талап етіп жүр. Осы әрекеті үшін бірнеше рет жауапқа тартылды.

Өткен аптадағы Нұр-Сұлтан сотының шешіміне сәйкес, белсенділер мемлекетке 1 миллион теңгедей айыппұл төлеуі тиіс. Оны өтеу үшін жылу жариялаған. Әзірге 400 000 теңгедей жиналған. Айтуларынша, қаржы жинау саябырсып қалған.

Наразылықтың Нұр-Сұлтанға ауысқанына бүгін, 29 қыркүйекте тоғыз күн болды.

•    Наразылар Шыңжаңда қамалған немесе қайта алмай отырған туыстарын Қазақстанға қайтаруды талап етеді. Олардың сөзіне қарағанда, Қытай билігі туыстарын жазықтан-жазықсыз сотсыз қамап, қудалаған. Кейбірін үйқамақта ұстап, Қазақстанға баруына тыйым салған.
•    Сәуір айында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Шыңжаңда қамалғандардың "Қытай азаматы" екенін және олардың "Қытай заңын бұзғанын" айтқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігі "өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайтынын" алға тартып келеді.
•    Халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де мұсылмандарға "геноцид" жасады деп айыптаған. Пекин мұны жоққа шығарған.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар