$ 443.85  474.3  4.8

Ақын Балтабек Нұрғалиев: Менен гөрі Абайдың көп оқылатынына көзім жетті

Қателігім үшін қоғамнан кешірім сұраймын. Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев”, – деп жазды желідегі парақшасында.

Ел арасында сарай ақыны деген атпен танымал Балтабек Нұрғалиев халықтан кешірім сұрады. Ол қазақтың ұлы ақындарын мойындап, өзінің соңғы орында екенін айтып ақталды.

“Құрметті қазақстандықтар, ізгі бауырлар! Мен бүгін Абайдың менен де көп оқылатын ақын екеніне көзім жетті. Мойындадым. Жалғыз Абай ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіндегі барлық ақындар менен көп оқылады. Мен әлемдегі ең соңғы ақынмын. Қазақстандық поэзиядағы, орыс тілді болсын, қазақ тілді болсын, жалпы басқа тілдердегі ақындардың ішіндегі ең аз оқылатын ақын, ол – менмін. Қазақ поэзиясында аз оқылу жағынан нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін. Абайдың өлеңі де, де өзі де менен алда. Мен оқылым жағынан да, басқа ұлылық жағынан да, жаңашылдық жағынан да Абайдың алдына шығып кеткен жоқпын. Қателігім үшін қоғамнан кешірім сұраймын. Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев”, – деп жазды желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары ақынның қателігін айтып, қарсы пікір жазысты. 

“Несіне айтып отырсың, сен айтпай-ақ оны бүкіл ел біледі ғой, онымен сенің беделің өспейді. Керісінше Абайды төмендетейін десең қателесесің. Осы тірлігіңмен сен өзіңді өшіріп алдың. Әлі айтқандарыңның бәрінен айнитыныңа мен сенімдімін, халық сені өз орныңа қойып қойған?!”, “Кешірім сұрау үлкен адамгершілік”, “Бәке, мен сізден әлдеқайда алдамын. Оқырман түгілі, оқиды-ау деген адамдарым да жоқ. Сіз қайта бақыттысыз ғой!”, “Ақын адамның арқасы қозып кеткенде – не айтып, не қойғанын білмей, делебесі қозып кетеді ғой. Балтабек мықты ақын”, “Әрине, Абай көп оқылады. Абаймен өзін салыстырған қандай ақынсыз?”, “Қанша бірінші болсаңыз да есіңізде сақтаңыз: "Өзін-өзі мақтаған – ең бірінші ақымақ", – деп жазды желі қолданушылары.

Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары