$ 494.87  520.65  4.91

Қар, жаңбыр, тұман – сенбіге арналған ауа райы болжамы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдымдықпен соғады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазгидромет 2 қазанға арнаған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронттар бұрынғысынша Қазақстанның шығыс жартысына өзінің әсерін тигізеді. Онда құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын болып, жел күшейеді. Түнде тұман, көктайғақ болжанады. Қазақстанның батыс жартысы ауқымды еуропалық антициклонның ықпалында болады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ шаңды дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі, облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында, Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдымдықпен соғады.

Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік бөлігінде және таулы аудандарында жел 15-22 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары