$ 444.22  476.38  4.82

Тимур Бекмамбетов Қожанасыр туралы мультфильм түсіреді

"Қожанасыр" мультфильмі жылдың басында Мәскеуде тұсауы кесілген Бекмамбетовтың қуыршақтар қойылымының сюжетіне де негізделмек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Қазақстан мен Өзбекстанда Қожанасыр туралы мультфильм түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ташкенттегі "Жібек жолының інжу-маржаны" халықаралық кинофестивалі барысында "Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, "Базелевс" компаниясы мен Өзбекстан ұлттық кинематография агенттігі арасында келісімге қол қойылды.

Анимациялық фильмде аңызға айналған Шығыс кейіпкері Қожанасырдың шытырман оқиғалары Қазақстан мен Өзбекстанда өтеді. Сондай-ақ келісімге келген тараптар бірлесіп, екі елді анимация мектептерін ашпақ.

Орта Азия елдерінде Қожанасырды қатты құрметтейді әрі жақсы көреді. Оның үстіне туған жері осында деп есептеледі. Ертегілер мен тәмсілдердің сүйікті кейіпкерінің шытырман оқиғалары туралы анимациялық фильмді оның отанында түсіретінімізге қуаныштымыз,— дейді Тимур Бекмамбетов.

"Қожанасыр" мультфильмі жылдың басында Мәскеуде тұсауы кесілген Бекмамбетовтың қуыршақтар қойылымының сюжетіне де негізделмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары