Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова "Шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы" жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулыда бұрын жарияланған нормалар да, жаңа ережелер де бар. Құжатқа сәйкес, астаналықтарға әлі де мекемелерде іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Ashyq жобасына қатысатын мекемелерде ғана іс-шаралар өткізуге рұқсат берілген. Боулинг орталықтары, бильярд, караоке, түнгі клубтар сынды нысандарға баруға әлі де тыйым салынған. Ashyq-қа қатысатын объектілерге баруға рұқсат берілген.
Жобаға қатысатын нысандар үшін келесі жұмыс кестесі қойылған:
жұмыс күндері:
Ashyq жобасына қатысатын барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін,
Ashyq жобасының көшбасшыларына сағат 02.00-ге дейін;
демалыс күндері:
Ashyq жобасына қатысатын барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін,
Ashyq жобасының көшбасшыларына қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда сағат 02.00-ге дейін.