$ 494.87  520.65  4.91

Балқаш тұрғындары кішкентай қыздың артынан жүгірген ер адамды педофил деп ойлап қалған

Полиция видеодағы адамдарды анықтап, оқиға қалай болғанын айтты.

Балқаш тұрғындары әлеуметтік желіде "педофил кішкентай қызды қуып, оған жете алмағаннан кейін ақ Нивасына отырып кетіп қалды" деп видео таратты. Полиция видеодағы адамдарды анықтап, оқиға қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Patriotnews.kz.

 

Қарағанды облысының Полиция департаментінің мәліметінше, видеодағы ер адам ешқандай қылмыскер емес, 27 жастағы тұрғын затын жоғалтып алғандықтан оны іздеп жүргенін айтқан. 

"Видеодағы адамдар анықталды. Олар тергеуден өтті. 27 жастағы ер адам кішкентай қыздың артынан артық ойсыз жүгіріп келе жатқан. Оның алдында ер адам бір затын жоғалтып алған. Сөйтіп ол жоғалған затын іздеу мақсатында жүрген жолымен келе жатқан. Қазыбеков көшесіндегі № 9 үй жақта ол жерден бір нәрсені алып, қалтасына салып жатқан қызды көріп қалған. Ер адам қыздан не тауып алғанын сұрап, бір затын жоғалтып алғанын айтқан. Бірақ қыз жауап бермей, қаша бастаған", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары