Бірінші сыныптан бастап қазақ мектебінде оқыған егіздер сыртқы келбетіне баса назар аударғанды ұнатпайды. Егіздің сыңары «Қазақша білесің бе?» деген сұрақтың өзі түрпідей тиетінін айтты, деп жазады Express Qazaqstan.
Алеся Сесь — Алматы қаржы, құқық және технология колледжінің бірінші курс студенті. Аспаз мамандығын игеріп жүр. Егізінің сыңары Евгений Сесь екеуі де қазақ мектебін бітірген. Алеся корей, кавказ тағамдарын әзірлеуді ұнатады.
"Бірінші сыныптан бастап қазақ сыныбында оқыдым. Мұғалімдер алғашқыда: "Өй, мұнда екі орыс не істеп жүр?" деп таңырқап сұрайтын. "Не бүлдіріп қойдыңдар? Орыс сыныбы сендерді қабылдамай жатыр ма?" деп те қалжыңдайтын. "Бізді әке-шешеміз қазақ сыныбына сабақ берді" деп жауап бердік. Кейін бәрі үйреніп кетті", — дейді Алеся Сесь.
Бұл жағдай колледжде де қайталанған. Қазақ бөлімінде оқып жүрген егіздерге ұстаздары әлі таңырқайды екен. Қазақша білетінімізді қызық көріп, сұрақ қойып, шүйіркелесуді ұнатады.