Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК сайты.
Төртінші қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр аралас қар түрінде аздаған жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа күшейеді. Петропавл қаласында 4 қазанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында төртінші қазанда көктайғақ болмақ.