Әлеуметтік желілерде аламанға қосылған аттардың етке өткізіліп жатқаны туралы дабыл қағылуда. Алматы қаласының "Тұлпар" ат спорты кешеніндегі ахуал жазба авторларының төбе шашын тік тұрғызған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Қожайыны жақында ауысты. Ол аумағын абаттандырып, адамдар мен аттарға жағдай жасап жатырмыз дейді. Тіпті, хауыз да салған. Қатардан шыққан аттарды шаңқай түсте "Газельге" салып, ел-жұрттың көзінше қасапханаға жіберіп жатыр, - деп жазды Instagram-да бір жазбаның авторы.
Бұл кешенде атақты спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар келеді. Ат спортының өкілдері осы кешенге қолдау көрсетіп, дәріптеп жатыр. Бірақ мынадай әрекет ешқандай қисынға келмейді, - деп пікір жазды автор.
Оның сөзіне сенсек, Бас директор "Консул" мен "Саладдинді" сауықтыру үшін Іле ауданындағы шаруа қожалығына жібергенін айтқан. Бірақ ат баптаушылар "дау басылса, жануарлардың пышаққа іліне ме" деп қауіптеніп отыр.