$ 445.66  474.58  4.78

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатын төртінші орынмен аяқтады

Қорытынды есеп — 4:2 Бразилияның пайдасына. Осылайша, Қазақстан үшін әлем чемпионаты жүлдесіз аяқталды.

Футзалдан Литвада өткен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы төртінші орынмен аяқтады. Қола жүлде үшін таласта отандастарымыз Бразилияға есе жіберді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Матч Қазақстан үшін сәтті басталды. Бірінші таймда Альберт Ақбалықов есеп ашып, командаластарын алға шығарған.

Ал екінші таймда жағдай бірнеше рет өзгерді. Алдымен, жоқ жерден Тайнан Игитаға пас беріп, оңбай қателесті. Сөйтіп, өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ одан кейін Тайнан қателігін жуып-шайғандай болған. Шыңғыс Есенамановтың аяғына салып берген добын құраманың үшінші нөмірлі қорғаушысы қақпаға тоғытты.

Алайда Қазақстанның қуанышы ұзылған жоқ. Бразилия қатарынан үш гол соғып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп — 4:2 Бразилияның пайдасына. Осылайша, Қазақстан үшін әлем чемпионаты жүлдесіз аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары