Литваның ең жас министрі Юрас Пожела 34 жасқа қараған шағында дүниеден өтті деп жазады ТАСС. Денсаулық сақтау министрі ұйқы безінің ауруынан көз жұмыпты. Бұл жайында Социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары, Сеймнің вице-спикері Альгирдас Сисас мәлімдеген.
«Замандасымыздың, әріптесіміздің дүниеден өткенін қайғыра хабарлаймыз. Оны біздің арамыздан қатерлі сырқат алып кетті», — деп мәлімдеді Сисас. Пожела Литвадағы басқарушы партияның жетекшілік қызметінде де болған.
Айта кетейік, министр 17 тамыз күні ауруханаға түскен болатын. Соңғы екі ай бойы оның денсаулығы ауыр халде еді. Шенеуніктің өмірі үшін күрескен дәрігерлер жуырда оң өзгерістердің бар екенін айтқан. Дегенмен, өмірін сақтап қала алмады.