Өскемендегі М.Горький көшесінде орналасқан әкімшілік ғимарат түтіндеген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Бұл туралы ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өрт сөндірушілер бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Кей деректерге сәйкес өрт ошағы мәжіліс залында болған. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ, — деп мәлімдеді ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Өртті толықтай сөндіру үшін 65 құтқарушы мен 17 техника жұмылдырылды.
Ғимаратқа кірген құтқарушылар еденнің жанып жатқанын байқаған. Өрт сөндірушілер жедел әрекет еткендіктен өрт жайылып кетпей, толықтай сөндірілді, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі ғимараттың ауқымдылығына байланысты оқиға орнында көптеген өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.