$ 449.58  486.94  4.86

«Үш ғасыр бұрын жазылған»: Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хаты табылды

Әбілқайыр хан өтінішін Орынбор генерал-губернаторы арқылы жолдаған екен.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хаты табылды. Онда қазақтар үшін қала салу жөнінде ұсыныс айтылған деп хабарлайды КТК арнасы. 

Хаттың осыдан үш ғасыр бұрын жазылғаны анықталды. Әбілқайыр хан өтінішін Орынбор генерал-губернаторы арқылы жолдаған екен. Құжаттың түпнұсқасы осы күнге дейін Орынбордағы мемлекеттік мұрағатта сақталып келіпті. 

Ақтөбелік мамандар оның көшірмесін алып, зерттеп жатыр. Ең алдымен хат мәтінін аудару міндеті қойылып отыр. Себебі, екі жүз беттен тұратын өтініш көне славян тілінде жазылған. Әбілқайыр хан хатында шаһар салудан басқа ұлы Ералы туралы да айтады. 

Сондай-ақ, ханның ұсынысын патшайым да қолдаған сияқты. Әзірге Әбілқайырдың айтуымен нақты қай қаланың бой көтергені белгісіз. Мамандар Ор немесе Орынбор болуы мүмкін деген болжам айтады.

"Біздің пайымдауымызша, Әбілқайыр ханның қала сұрауы Орск немесе қазіргі Орынбор қаласындағы Берск қамалы орнына салынған Берск қалашығы деген ойымыз бар. Құжат болғандықтан, оны әлі зерттеу керек", - дейді Ақтөбе облыстық мұрағаттың ғылыми қызметкері Нұрлан Есетов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары