Жаңалықтар 04.10.2021 сағат 14:20

«Ол оны қорлап, соққыға жыққан»: Альберт Линдердің бауыры спортшының өліміне қатысты жаңа деректерді айтты

Чемпионның туған бауыры, еліміздегі атақты спортшылар ауыр атлетика федерациясы мен жаттықтырушы Сергей Седовке ауыр айыптар таққан.
«Ол оны қорлап, соққыға жыққан»: Альберт Линдердің бауыры спортшының өліміне қатысты жаңа деректерді айтты
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шенеуніктер Токио Олимпиадасындағы спортшылардың сәтсіздікке ұшырауының себебін жариялады. Олардың ойынша барлығына кінәлі коронавирус. Болжам бойынша, карантинге байланысты спортшылар жарысқа дұрыс дайындалып үлгермеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Талдаудан кейін, ұлттық командалар арасында бәсекелестік тәжірибенің жоқтығынан басқа, сарапшылар атаған сәтсіз ойындардың негізгі себептерінің бірі Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен кезде көптеген спортшылардың моральдық-психологиялық дайындығы болмағаны болды. Әсіресе карантиндік шаралар кезінде жабық жаттығулардың салдары болып табылатын жеке спорт түрлерінде", – деді ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков.

Бірақ депутаттарды Олимпиададағы сәтсіздіктер ғана емес, сонымен қатар спортшылардың үлкен спорттан кетуі, басқа елдерге қоныс аударуы немесе өмірін қайғылы аяқтауы да ойландырады. Бұған жол бермеу үшін мәжіліс депутаттары спортшылар мен жаттықтырушыларға қаржылай қолдау көрсетуді ұсынды. Атап айтқанда, өмір бойы төленетін төлемдерді айына 300 мыңға дейін көтеру.

"Мамандандырылған спорттық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша нормативтерді қайта қарап, жаттықтырушылар мен кәсіби спортшыларға төленетін әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер тәртібін жаңарту қажет деп санаймыз", – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.

Олар ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен кейін спортшыларға қолдау көрсету туралы айта бастады. Осы аптада оның өлімінің жаңа деректері ашылған болатын.

Чемпионның туған бауыры, еліміздегі атақты спортшылар ауыр атлетика федерациясы мен жаттықтырушы Сергей Седовке ауыр айыптар таққан. Айтпақшы, ол жақында тергеу жұмыстары аяқталғанша жұмысынан шеттетілді. Туыстары Линдерді қорлап, ұрып және әділетсіз ойнауға мәжбүр болды деп мәлімдейді.

Қайтыс болған спортшының туған бауыры Семен Линдер Альберттің өзіне өзі қол жұмсауына мәжбүрлегеніне сенімді. Ол 25 жастағы спортшының жаттықтырушылардың Олимпиада ойындарына қатысуға қойған шарттарына наразы болғанын айтады.

"Ол Алексей Ниге айтқандай, өзіне қойылған кейбір ережелерді сақтамаған. Сергей Седов оған қысым көрсетті. Және оны өзінің талаптарына келісу үшін іштей сындырды. Ол оған әртүрлі әңгімелермен оның ақымақ екенін, оған ешкім сенбейтінін және барлық жерде оның жолын бөгейтінін, сонымен қатар тыныш өмір сүргізбейтінін айтып қорқытқан. Сол Сергей Седов ағамды қорлап, ұрып, психологиялық және физикалық қысым көрсеткен", – дейді Альберт Линдердің бауыры Семен Линдер.

Осының барлығы бауырының айтуынша Альберттің жүйкесіне зақым әкелген. Ол мүлдем тамақ ішпей қойған, алайда бапкер тарапынан қысым кемудің орнына арта түскен. Нәтижесінде жас ауыр атлетші терең депрессиға ұшыраған. Өкінішке қарай, бұл назардан тыс қалды.

"Мен бауырымды мұндай күйде ешқашан көрген емеспін. Ол өз өзін мүлдем жоғалтып алды, көзі жасқа толып қабырғаны жұдырығымен ұра берді. Нәтижесінде ол қолын сындырып алды. Және осындан кейін ғана Сергей Седов Альбертті үйге қайтарды. Ол кезде Альберттің тек қолы ғана емес, бүкіл жан дүниесінің күл талқаны шыққан еді. Ол үйге жылап келді. Анам оның жастығының басына ағаш жастанып жататынын және "қазір менің артымнан келеді, олар мені өлтіргісі келеді" деп айтқанын мәлімдеді. Және осы әңгімелердің барлығын оның құлағына Сергей Седов құйған", – деп қосты Семен Линдер.

Алайда жұмыстан шеттетілген жаттықтырушының бұл оқиғаға қатысты өз нұсқасы бар. Сергей Седовтың айтуынша, Альберт ұлттық құрамада, керісінше, барлық қолдауды алған. Психологиялық күйзеліс кезінде оған демалыс беріліп, жаттығудан босатылған. Спортшының күйзелісі Рио Олимпиадасының алдында басталған.

"Допинг-контролер келіп, құтыларды алып, сандар мен парақ береді. Альберт Линдер бес бақылауды тапсырды. Оның төртеуі тазаны көрсетсе, бесіншісі таза емес болып шықты. Осылайша ол Олимпиада ойындарына бара алмады", – деді Сергей Седов.

Бірақ кейбір ауыр атлеттер "лас" ойынды ұлттық құрама бапкерлері өздері ұйымдастырғанын алға тартады. Осылайша олар қажетсіздерді алып тастаған.

"Бізді үнемі допинг тестерден құлататын. Маусымның маңызды кезеңдері басталмай тұрып тестен таза өтесің барлығы жақсы болады, ал старт басталғанға дейін 5-10 бақылау жүргізіледі және олардың барлығы таза емес болып шығады. Осыдан кейін неге, қайдан деген сұрақтарды қоя бастайсың. Ақыр соңында сені жай ғана ысырып тастағанын түсінесің", – дейді 2005 жылғы ауыр атлетикадан Азия чемпионы Мария Грабовецкая.

Ауыр атлетика федерациясында жас спортшының қайғылы өлімінен және жаттықтырушыларға жаңбырша жауған айыптаулардан кейін ауқымды тергеу жұмыстары басталды. Тіпті арнайы комиссия құрды. Оның құрамына екі дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедова да кірді.

"Альберттің бауыры, Карина мен Рита Елисеева бар шындықты айтты. Егер біреуге құлақ асу қажет болса – тек соларға. Қалғандарының айтқаны бұл оқиғаға қатысты емес. Бұл менің жеке пікірім", – дейді ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы Светлана Подобедова.

Шындығында, үкімет спортшылар мен жаттықтырушылардың жалақысын көтеруге де қауқарсыз. Шенеуніктер бұл туралы Токиодағы апатты Олимпиададан кейін ғана ойлай бастады.

"Жаттықтырушыларды қолдау бойынша ұсыныс дайындау керек, оның ішінде жалақы деңгейін жоғарылату. Алдағы қысқы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін барынша күш қажет", – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тұғжанов.

Сонымен қатар үкімет атлетшілерге өмір бойы төленетін төлемдерді 4 есеге, айына 290 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды. Бірақ қазақстандық спортшылар одағы мұндай шаралардың тиімділігіне күмән келтіреді. Бұл қаржылық қолдауды алу үшін спортта кем дегенде 20 өнер көрсетуі қажет.

"Бізге бұл 20 жылды алып тастау қажет. Олардың көбісі өздерінің 24 АЕК алу үшін өмір сүрмейді. Бүгінде бұл 69 мың теңге. Бұл 20 жыл жұмыс істеу үшін үлкен сома емес. Спортта жұмыс жасай отырып, біз қазір жұмыс тобы аясында үкімет бізді қолдайды деп үміттенеміз", – дейді "Қазақстандық спортшылар одағы" РҚБ төрағасы Азамат Қарлығашев.

Тағы бір ескеруді талап ететін мәселе. Бұл халықаралық жарыстарда жеңгені үшін сыйақы төлеуге қатысты. Атап айтқанда ұтып алған ақшаның жартысын зейнетақы қорына аударып қояды. Көптеген спортшылар мансабының соңында құр алақан қалып қояды.

"Біз спортшы болған кезде шағымдануымыз ретсіз. Біз де айлық та, стипендия да бар. Өз жұмысымызды істеу үшін барлығы жеткілікті. Содан кейін 20 жасқа толып чемпион болғаннан кейін, 16-17 жасыңызда үлгермеген барлық нәрсені сынап көргіңіз келеді. Өйкені қарапайым жастық шақ болған жоқ. Осылайша казино ойнап, ақшаны қайырымдылыққа жұмсай бастайсың", – дейді ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин.

Нәтижесінде тек медаль мен кубок қалады. Өйткені жаттықтырушының жалақысы оларға енді жетпейді. Сондықтан да елде жаңа чемпиондарды тәрбиелейтін ешкім қалмайды.

Және бұл Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының келе жатқанына қарамастан. Көпшілігі Токио ойындарындағы жағдайдың қайталануынан қорқады. Алайда сортшылардың дайындығы үшін миллиардтаған қаржы жұмсалады. Рас, қандай да бір себептермен ұлттық құрамалар негізінен ересек спортшыларға сенім артады. Риодағы ойындармен салыстырғанда біздің команда 2 жасқа "қартайып қалған". Ұлттық Олимпиада комитетінің бағасы бойынша, спорт мектептерінде балалармен ойдағыдай жұмыс жүргізілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер көз жұмған болатын. Ол өзіне қол жұмсаған.

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2017 жылы 24 жасында Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды. Одан кейін тамыз айындағы Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Сол кезде Линдер үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланып, чемпион атанды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар