04.10.2021, 15:20

Атыраулық келіншек жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастап кеткен

Фото: ашық дереккөз
Оқиға 3 қазан күні Атырау облысының Индер ауданында болған.

Ұлын көшедегі дәретханада босанған келіншек сәбиін шұңқырға тастай салған. Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алған.  

“Ауруханаға жеткен кезде ауыр хәлде болды. Денесі суықтап қалған. Дәрігерлер аман алып қалды. Анасы да табылып, аудандық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы. 

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.