– Таңертеңгі сағат 4:40 -та Балқаш қаласындағы жөндеу базасы аумағындағы №10 үй отқа оранды. Өрт казармалық типтегі 4 пәтерлі тұрғын үйдің №2 пәтерінде болған. Ағаш едендер, жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер №1 пәтерден 1949 жылы туған әйелді құтқарды. Ал өрт болған №2 пәтерде 42 жастағы үй иесінің денесі табылды. Ол 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жан болған, – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт болжам бойынша отты абайсыз қолданудан шыққан. Оқиға орнында сарапшылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.