04.10.2021, 15:40

Балқашта мүгедек әйел өз үйінде жанып кетті

Фото: ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 2 қазанда таңертең орын алған. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Таңертеңгі сағат 4:40 -та Балқаш қаласындағы жөндеу базасы аумағындағы №10 үй отқа оранды. Өрт казармалық типтегі 4 пәтерлі тұрғын үйдің №2 пәтерінде болған. Ағаш едендер, жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер №1 пәтерден 1949 жылы туған әйелді құтқарды. Ал өрт болған №2 пәтерде 42 жастағы үй иесінің денесі табылды. Ол 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жан болған, – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт болжам бойынша отты абайсыз қолданудан шыққан. Оқиға орнында сарапшылар мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.  

Тегтер: өрт