05.10.2021, 09:20

Елімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Фото: ашық дереккөзі
Ауырғандардың жалпы саны 895 мыңға жуықтады.

Қазақстанда өткен тәулікте 1624 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Өңірлер көрсеткішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары әлі де көш бастап тұр. жалпы, аймақтар бойынша тәуліктік көрсеткіш мынадай:

Нұр-Сұлтан қаласы – 287 Алматы қаласы – 328 Шымкент қаласы – 54 Ақмола облысы – 54 Ақтөбе облысы – 26 Алматы облысы – 169 Атырау облысы – 19 Шығыс Қазақстан облысы – 101 Жамбыл облысы – 44 Батыс Қазақстан облысы – 21 Қарағанды облысы – 174 Қостанай облысы – 104 Қызылорда облысы – 12 Маңғыстау облысы – 7 Павлодар облысы – 115 Солтүстік Қазақстан облысы – 93 Түркістан облысы – 16. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 894 334 адамға жетті. Олардың 832 498-і емделіп шыққан.

Тегтер: коронавирус