$ 494.87  520.65  4.91

«Ешкімге қауіп төндірмедім»: Жанқош Тұраров сот орындаушысымен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Спортшының айтуынша, ол сүріліп жатқан үйде тұратын әйелдің жиені екен.

"Тәтем маған балабақшадан баласын алып кетуді өтінді. Өйткені ол осы жанжалға байланысты үйінен шыға алмаған. Үйге келгенімде тәтемнің жылап жатқанын естідім. Қоршауды бұзып жатқандарын көріп, үйге кірдім. Оларға жақындап келіп, неге үйді бұзып жатқандарын сұрадым. Өйткені қазір суық мезгіл, адамдар көшеде қалмайды ғой. Одан соң олардың жағдайға кіріп, түсінулерін сұрадым. Сөйтіп, істерін тоқтатты. Ары қарай іске араласпадым. Бұл уақытта үйдің арғы жағында айқай, шу болды. Бірақ мен ешкімге қауіп төндірмедім және ешкімнің арызын қайтарып алуды сұрамадым", – дейді Жанқош Тұраров.

Дереккөз: Stan.kz. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары