$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жылқыны күрекпен ұрғандардың видеосы тарады

Видео ат спорты мектебінде түсірілген.

Алматыда жылқыны ұрған ер адамдардың видеосына полиция мен Экология министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Желіде таралған кадрлардан ат клубтарының бірінде ер адамдар айғырды жүк көлігіне кіргізу үшін күрекпен, қамшымен ұрғанын көруге болады.

Алматы облысындағы ранчо иесі Әдемі Баталова видео түсірілген жерден бірнеше айғыр сатып алғанын айтты.

"Видео Алматыдағы ат спорты мектебінде түсірілген. Бес жылқы болды, олардың психикасы бұзылған, кейбірінің аяқ-қолы сынған. Иесі олардан құтылмақ болады, барлығы жазасыз өтеді, ешкім білмей қалады деп ойлаған. Бірақ бір адам видео түсіріп, Желіге салып жіберген. Соның арқасында оларды қасапханаға апарғанын білдік. Қасапханадан екі жылқыны сатып алдым. Қазір оларды емдеу керек", - дейді қыз.

Ол жануарлар қартайып, қабілетсіз болғандықтан иесі құтылғысы келгенін айтты.

"Олар қартайған, тыртықтары бар, тиеп жатқанда аяқтары сынған, жаралар пайда болған. Қазір дәрігерлер емдеп жатыр. Қараған ауыр. Оларды қасапханаға, етке өткізбек болған. Мұнда жылқылар жылдар бойы "Тұлпар" үшін жұмыс істеген, жарыстарға баратын, қанша бала оқытылды, сондықтан оларды етке бере салу тым қатыгез", - дейді ранчо иесі.

Экология министрлігі қазір мұндай мәселелер ІІМ құзыретінде екенін хабарлады. "Қазіргі уақытта жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң дайындалып жатыр. Заң күшіне енгеннен кейін бұл мәселеге біз жетекшілік етеміз", - деді ведомство өкілдері.

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-дағы парақшасында жағдайды білетінін жазды. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары тексеруді бастады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #ат