$ 494.87  520.65  4.91

Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

Түнде және таңертең Павлодар облысының> солтүстігінде көктайғақ болады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

«Қазгидромет» РМК 6 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының> таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының> таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде обылыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Павлодар облысының> солтүстігінде көктайғақ болады. Солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Нұр-Сұлтан қаласында> түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында> жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с құрайтын жел соғады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының> шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының> солтүстік-шығысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының> солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары