Жаңалықтар 05.10.2021 сағат 19:30

Дәретханаға тасталған баланың анасына қатысты тың дерек жарияланды

Белгілі болғандай, қызының қансырап жатқанын көрген анасы жедел жәрдем шақырған.
Дәретханаға тасталған баланың анасына қатысты тың дерек жарияланды
Фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Мой город" газетінің хабарлауынша, ауылдың 31 жастағы тұрғыны жүктілігін жасырған, оның аяғы ауыр екенін ешкім сезбепті.

Белгілі болғандай, қызының қансырап жатқанын көрген анасы жедел жәрдем шақырған.

Алайда, әйелдің өзі ауруханаға жатудан үзілді-кесілді бас тартты. Осы кезде көршісі көшедегі дәретханадан баланың жылаған дауысын естиді. Ол бірден полиция мен жедел жәрдем шақырды.

Әйел жүктілігін жасырып келген. Баланың жолы болды, ол нәжіске батпаған, шұңқырдың бір қабырғасына қарай түсіпті. Дәрігерлер баланы шұңқырдан шығарып алып, жылытып, ауруханаға жеткізді, рентгенге түсірді, өкпесі таза болып шықты, - дейді Индер аудандық ауруханасының бас дәрігері Анар Доспаева.

Айта кету керек, әйел мемлекеттік мекемелердің бірінде еден жуушы болып жұмыс істейді және соңғы күнге дейін жұмыста болған. Оның жүктілігі туралы әріптестері де, жақын туыстары да білмепті. Ол бұрын тұрмыста болмаған, дегенмен 10 жасар баласымен анасының қолында тұрады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы, "Қауіп-қатерде қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар